Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бақыт Сәрсекбаев жарылды. Желіде кім оның атын жамылып жүр?

Редактор Penalty.kz
09.07.2025, 22:00

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының алтын жүлдегері, қазір Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болып жүрген Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желі арқылы жалған ақпараттың таралуына наразылық білдірді.

instagram/@b.sarsekbayev
Реклама
Реклама

Олимпиада чемпионы өзінің атынан таралған мәліметтерге қатысты үн қатты

Instagram желісіндегі парақшасында ол өзінің атынан жарияланып жатқан кейбір пікірлерге жауап берді. Атап айтқанда, 70 келі салмақтағы ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі боксшылары – Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов арасындағы бәсекеге қатысты айтылған ойлар шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

"Өтініш, тоқтатыңыздар! Менің атымнан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын!" — деп жазды Сәрсекбаев өз парақшасында.

Азия чемпионатында 22 алтын медаль

Еске салсақ, 2025 жылы Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Сәрсекбаевтың басшылығымен 22 алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұл — ел тарихындағы жастар боксы үшін елеулі жетістік саналады.

Жалған ақпарат мәселесі қоғам назарында

Соңғы уақытта желіде спортшылар мен бапкерлердің атынан жарияланып жатқан жалған мәлімдемелер жиілеп кеткені байқалады. Бұл жайт қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Сәрсекбаевтың үндеуі де осы тенденцияға қарсы жасалған нақты қадам ретінде бағалануда.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары