Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Күреспеймін деп кимоносын талай шешкен": Бапкер Елдос Сметов жайлы

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 21:42

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің спорттық жолындағы күрделі сәттері мен ішкі күйзелістері туралы алғаш рет ашық айтты.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Қазақстандық дзюдоның жарқын жұлдызы Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртімен арадағы дайындық үдерісі мен қиын сәттер туралы ашық айтты. Sportinside.kz таратқан ақпар бойынша жаттықтырушы спортшының бойындағы намысты ояту үшін кей кездері қатты сөздер айтуға да мәжбүр болған.

Жылгелдиевтің айтуынша, Елдоспен дайындық барысында сан түрлі психологиялық сынақтардан өткен. Әсіресе, жарыс алдындағы сәттерде шиеленісті жағдайлар жиі туындаған.

«Олимпиада алдындағы Азия чемпионатында Елдос жапон және өзге қарсыластардан ұтылып қалды. Ашуға булығып: “Сен бос күресіп жатырсың” деп дауыс көтердім. Ол болса: “Бар күшімді салдым” деді. Мен: “Мұндай күреспен Олимпиадаға барудың қажеті жоқ” дедім. Сол кезде “Онда мен күреспеймін” деп кимоносын шешіп тастаған. Ондай сәттерде ренжісіп, екі жаққа кеткен кездеріміз де болған», – деді жаттықтырушы.

Эмоция мен сенімге құрылған байланыс

Ғалымжан Жылгелдиев Елдос Сметовтың ерекше сезімтал екенін айтып, олардың арадағы сенім мен ішкі байланыс көп жылдық еңбектің жемісі екенін жеткізді.

«Ол – өте сезімтал спортшы. Егер жарыс кезінде өзі отырса, мен де отырамын. Тұрса – мен де тұрамын. Менің эмоциямды сезіп тұрады. Егер мен жай отырсам, "ағай мені қолдамай тұр ма" деп ойлап қалмасын деймін. Бірге өткізген жылдардың нәтижесінде осындай байланыс орнады. Елдостың тағы бір ерекшелігі – көрерменді көрсе, шабыттанып кетеді. Халықтың ықыласын сезсе, жанын салып күреседі», – деді бапкер.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары