Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошыларымыз белгілі болды
16.07.2025, 12:31
Шілденің 25–27 аралығында өтетін жарысқа ерлер құрамасынан жеті, ал қыздардан небәрі бір спортшы қатысады.
t.me/sportzhaily
25–27 шілде аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан Гранд-Слэм санатындағы халықаралық турнир өтеді. Бұл — 2025 жылдың күнтізбесіндегі ең беделді додалардың бірі.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасы бұл додаға 8 спортшыны қатыстырады.
Қазақстан құрамасы сапында кімдер бар?
Ерлер:
- -60 кг: Талғат Орынбасар, Нұрәділ Әлжан
- -66 кг: Ержан Эренгайыпов, Бауыржан Нарбаев
- -73 кг: Саят Сейтқалиев
- -81 кг: Мейіржан Жұмабек
- -90 кг: Ермахан Ануарбеков
Әйелдер:
-
-52 кг: Толғанай Абеуова (жалғыз өкіл)
Гранд-Слэм жарыстары IJF күнтізбесіндегі ең жоғары рейтингтік турнирлердің бірі саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама