Махачкалада MMA чемпионына қастандық жасалды (ВИДЕО)
16.07.2025, 19:25
PFL лигасының чемпионы Тимур Хизриевке Дағыстанда оқ атылды.
sportbox.ru
Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалды
Интернетте аралас жекпе-жек шебері, ресейлік Тимур Хизриевке жасалған шабуылдың бейнежазбасы жарияланды. Қастандық Махачкаланың тұрғын ауданында көпқабатты үйдің ауласында болған.
Видеода екі бетперде киген белгісіз адам PFL чемпионының жолын тосып, көлігінен түскен сәтте оған бірнеше рет оқ атқаны көрінеді. Шабуылдаушылар травматикалық тапаншаны пайдаланған. Хизриевке бес оқ тиіп, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жедел операцияжасап, қазір спортшының өміріне қауіп жоқ деп отыр.
Тимур Хизриев жетістіктері:
- 2024 жылы PFL турнирінің жеңімпазы
- 2019 жылы Berkut Grand Prix чемпионы
- Bellator, ACA сияқты беделді промоушендерде де өнер көрсеткен
Қазір шабуылдаушылардың кім екені белгісіз. Құқық қорғау органдары бейнебақылау материалдарын зерттеп, тергеу амалдарын бастап кетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама