Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов бес жылдық үзілістен кейін АҚШ-қа қайта оралды. Ол Вашингтондағы бокс кешінде филиппиндік қарсыласын нокаутқа түсірді.
Вашингтондағы кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО) америкалық жанкүйерлер алдына шықты. Бұл — оның АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі. Соңғы рет ол бұл елде 2020 жылы қарашада жұдырықтасқан.
Даниярдың қарсыласы — филиппиндік Джеймс Бэкон (26-6, 17 КО) болды. Кездесу жартылай орта салмақта сегіз раундқа жоспарланған. Бірақ екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Елеусіновтің жеңісі — оның кәсіби мансабындағы 13-ші және нокаутпен жеткен 8-ші жеңісі.
Бэкон үшін бұл 6-шы жеңіліс болды.Еске сала кетейік 2020 жылы Данияр Елеусінов Нью-Йоркте өткен кеште намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 КО) нокаутқа түсірген.