Асу Алмабаевқа нокаутпен жеңілесін деп қоқан-лоқы жасалды (ВИДЕО)
25.07.2025, 15:23
Перулық UFC жекпе-жекшісі Хосе Очоа Асу Алмабаевты 26 шілдеде өтетін айқаста мерзімінен бұрын жеңуге ниетті екенін айтты.
sports24.kz
Абу-Дабиде тартысты айқас
Асу Алмабаев пен Хосе Очоаның жекпе-жегі UFC on ABC 9 турнирінде Абу-Дабиде өтеді. Бұл дода ең жеңіл дивизиондағы рейтингтік жағдайды айқындап беруі мүмкін.
Очоа: “Мен нокаут іздеймін”
“Мен үлкен айқасқа дайынмын, жанкүйерлерге әсерлі шоу сыйлағым келеді. Нокаутпен жеңіске жету – рейтингте жоғарылаудың ең жақсы жолы. Егер 15 минуттық толық жекпе-жекке тура келсе, оған да дайынмын. Сенбі күні мен үшін ерекше кеш болатынына сенімдімін. Асу Алмабаевты жеңу үшін оған тұрақты қысым көрсету және тейкдаундардан қорғану маңызды деп ойлаймын”, — деді Очоа баспасөз мәслихатында.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама