Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

WBC рейтингі жаңарды: қазақстандық боксшылар төмен сырғыды

Сарапшы, спорт журналисі
12.08.2025, 15:54

WBC жаңартқан рейтингте қазақстандық боксшылардың біразы төмендеді. Тек Мейірім Нұрсұлтанов қана өз дивизионында көшбасшылықты сақтап қалды.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

WBC барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық спортшылар да бар, алайда олардың кейбірі төмен сырғыды. 

Аса ауыр салмақта Иван Дычко бір саты төмендеп, 35-орынға түсті. Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет 15-орыннан 17-ге сырғыса, Әли Ахмедов бір позиция жоғалтып, 30-орынға жайғасты. 

Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов өз дивизионында көшбасшылықты сақтап қалды. Бұл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.

Бірінші орта және жартылай орта салмақ

Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов бірден бес орын төмендеп, 38-орынға түсті. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов болса 30-орыннан 33-ке сырғыды.

Өз кезегінде Батыр Жүкембаев (бірінші жартылай орта салмақ) бір саты көтеріліп, 31-орынға жайғасты. Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек бір орын жоғалтып, 19-орынға түсті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары