Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ризабек Айтмұхан да бар: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда аттанады

Сарапшы, спорт журналисі
12.08.2025, 19:18

13–21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл дода – 2025 жылғы маусымның ең басты бәсекесі саналады.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының тізімі

Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Мадияр Құрмысов бастаған жаттықтырушылар штабы әлем біріншілігіне қатысатын балуандардың толық тізімін бекітті.

Қазақстанның еркін күрестен құрама сапы:

  • Әділет Әлмұхамедов – 57 кг
  • Асылжан Есенгелді – 61 кг
  • Начын Куулар – 65 кг
  • Нұрқожа Қайпанов – 70 кг
  • Әлібек Әбілқасым – 74 кг
  • Болат Сақаев – 79 кг
  • Азамат Дәулетбеков – 86 кг
  • Камиль Құруглиев – 92 кг
  • Ризабек Айтмұхан – 97 кг
  • Әлішер Ерғали – 125 кг

Дайындық кезеңдері

Қазір қазақстандық еркін күрес шеберлері алғашқы оқу-жаттығу жиынын Грузияда өткізіп жатыр. Ал жарыс алдындағы соңғы дайындық кезеңі елде өтпек.

Әйелдер күресі мен грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасының тізімі кейінірек жарияланады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары