Қазақстандық файтер жанкүйерлеріне үндеу жасады.
Қазақстандық ММА спортшысы, Oktagon лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жекке қарсылас іздеп жатқанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Барлығы менің келесі айқасымды күтуде. Мен де күтемін. Маған қарсылас беріңдер", — деп жазды файтер X платформасындағы ресми аккаунтында.
“Everyone is waiting for my next fight. So am I. Give me an opponent.”
— Zhalgas Zhumagulov (@ZhakoZhumagulov) August 27, 2025
Айта кетейік, Жұмағұлов маусым айының соңында Германияның Гамбург қаласында өткен Oktagon 73 турнирінде тарихи жеңіске жетті. Ол наилегчай салмақтағы титулды сарапқа салған кездесуде грузин спортшысы Бено Адамияны төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіп шықты.
Осы жеңіс арқасында Жалғас Жұмағұлов Oktagon MMA тарихындағы алғашқы қазақстандық чемпион атанды. Лига бейресми түрде "еуропалық UFC" деп аталады.