Костя Цзюдің ұлының даулы болжамы: Кроуфорд жеңеді!
Әйгілі боксшы Костя Цзюдің ұлы, қазіргі кәсіпқой бокс жұлдызы Тим Цзю алдағы қыркүйектің басты спорттық оқиғаларының бірі "Канело – Кроуфорд" жекпе-жегі туралы пікір білдірді.
Ол мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен америкалық Терренс Кроуфордтың (41-0, 31 KO) арасындағы кездесудің жеңімпазын атады.
Цзюдің айтуынша, Кроуфордтың стилі мен соққыдағы әртүрлілігі Канелоны қиналтуы мүмкін:
«Менің ойымша, Кроуфорд Канелоны шайқалта алады. Оның соққылары түрлі бағыттан келеді әрі күтпеген әдістері бар. Соңғы кездесулеріне қарасақ, бұл жекпе-жекте Кроуфорд жеңіске жетеді», – деді ол The Ring басылымына берген сұхбатында.
Кроуфордтың басты сынағы
Кроуфорд қазіргі таңда WBA орта салмағының чемпионы. Ол 13 қыркүйек күні Лас-Вегастағы Allegiant Stadiumаренасында Альвареспен кездесуі үшін бірден екі салмаққа жоғары көтеріледі.
Бұл – Кроуфорд үшін аса үлкен сынақ, алайда ол қарсыласына айтарлықтай қауіп төндіре алатынын Тим Цзю ерекше атап өтті.
Мейвезердің тәжірибесі – үлгі
Тим Цзю америкалық боксшыға Флойд Мейвезердің стратегиясын қолдануға кеңес береді.
2013 жылы дәл осы Мейвезер, Канелоны алғаш рет жеңген болатын:
«Кроуфордқа тек техникалық тұрғыда жұмыс істеп, үнемі қозғалыста болғаны дұрыс. Оның рингтегі интеллекті жоғары, ол – нағыз элита деңгейіндегі спортшы», – деді Цзю.