Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Миллиондар күткен айқас: Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена жекпе-жегі

Сарапшы, спорт журналисі
30.08.2025, 19:07

16 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев жартылай орта салмақ чемпионы Джек Делла Маддаленаға қарсы шығады. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді.

Фото: UFC
Реклама
Реклама

Ислам Махачевтің тарихи мақсаты

Соңғы рет Ислам Махачев жеңілісті 2015 жылы бастан өткерген. Содан бері ол 10 жылдан бері қатарынан жеңістер сериясын жалғастырып келеді. Қазіргі уақытта ол UFC P4P (pound-for-pound) рейтингінде екінші орында тұр.

2022 жылдың қазан айында Махачев Чарльз Оливейраны жеңіп, жеңіл салмақта чемпион атанды. Кейін төрт мәрте белбеуін қорғады: екі рет – Александр Волкановскиге қарсы, бір рет – Дастин Порьеге, тағы бір рет – Ренато Мойканоға қарсы. Бұл жетістігі Исламға UFC тарихындағы ең көп белбеу қорғаған жеңіл салмақ иесі атануға мүмкіндік берді.

Енді ол Ресей тарихында алғаш рет екі салмақта чемпион болуды көздеп отыр.

Джек Делла Маддалена: алғашқы қорғау

Австралиялық спортшы биылғы мамыр айында өткен UFC 315 турнирінде Белал Мухаммедті жеңіп, жартылай орта салмақта чемпион атанды.

Алдағы жекпе-жек – оның чемпиондық белбеуді алғаш қорғауы болмақ.

Джек UFC-де жеті рет жеңіске жетіп, оның бесеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Жолында Рамазан Емеев, Рэнди Браун, Кевин Холланд, Гилберт Бёрнс секілді мықтыларды жеңген.

Соңғы рет ол тоғыз жылдан астам уақыт бұрын жеңіліп, содан бері 18 жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп келеді.
 

 Қосымша титулдық айқас

UFC 322 турнирінде тағы бір үлкен кездесу өтеді. Валентина Шевченко (ең жеңіл салмақ дәрежесі) өз белбеуін бұрынғы strawweight чемпионы Жанг Вейлиге қарсы қорғайды.

 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары