Әлемдік бокс ұйымы (WBO) украиналық абсолютті чемпион Александр Усиктің видеосына байланысты ресми әрекет жасады. 38 жастағы спортшының жеке кешінде көңіл көтеріп, би билеп, тіпті футбол ойнаған сәттері желіде таралып, үлкен талқылауға себеп болды.
Ұйым басшылығы Уcиктен ресми медициналық анықтама сұрады. Құжатта оның жарақатының сипаты мен болжамды қалпына келу мерзімі көрсетілуі қажет.
WBO өкілі Луис Батиста Салас бұл жағдайға байланысты:
"Чемпионның әрекеті комитетті күрделі жағдайға қалдырды" – деп мәлімдеді.
Кикілжіңнің басты себебі – міндетті титул қорғау. Бұған дейін Усик Джозеф Паркермен жекпе-жек туралы келіссөзден бас тартып, оны арқа жарақатымен түсіндірген еді. Алайда интернетте тараған видео оның шын мәніндегі жағдайына күмән тудырды.
Александр Усиктің көңілді видеосы оның мансабына әсер етуі мүмкін. Егер медициналық құжаттар шындыққа сәйкес болмаса, WBO чемпионымен қатаң шешім қабылдауы ғажап емес.