Қазақстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті (ВИДЕО)
05.09.2025, 01:49
Сағындық Тоғамбай Англияның Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
instagram/@boxingkazakhstan
Тоғамбай төрешілер шешімімен жеңіске жетті
1/16 финал кезеңінде 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тоғамбай жергілікті боксшы, ағылшын Айзек Окоға қарсы рингке шықты. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Келесі айналымда оның қарсыласы ирландиялық Джек Майкл Марли болмақ.
Қазақстан құрамасының құрамы
ӘЧ-2025 додасына ерлер құрамасы толық құрамда аттанды. Құрамдағы боксшылар:
- Санжар Тәшкенбай (50 кг)
- Махмұд Сабырхан (55 кг)
- Бейбарыс Жексен (60 кг)
- Ертуған Зейнуллинов (65 кг)
- Төрехан Сабырхан (70 кг)
- Сабыржан Аққалықов (75 кг)
- Нұрбек Оралбай (80 кг)
- Бекзат Нұрдәулетов (85 кг)
- Сағындық Тоғамбай (90 кг)
- Айбек Оралбай (90+ кг)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама