Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (8-0, 6 КО) Алматыда өткен бокс кешінде өзінің тоғызыншы жекпе-жегін өткізді.
Орта салмақта өткен айқаста оның қарсыласы үндістандық Сантош Барали (2-1, 1 КО) болды. Кездесу алты раундқа жоспарланған.
Көпшілік Темировтың тәжірибесі аз қарсыласын нокаутпен тоқтатады деп күткен еді. Алайда бұл жолы қазақстандық боксшы жеңісті тек төрешілер шешімімен иеленді.
Осылайша Виктор Темиров кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісін тіркеді. Ал Сантош Барали мансабындағы екінші рет жеңіліс тапты.
Темиров рингте «Қасапшы» деген лақап атпен белгілі. Дегенмен Германиядағы жанкүйерлер оны жас кездегі Геннадий Головкинге жиі ұқсатады. Айта кетсек, GGG-дің даңқты жолы дәл осы елде басталған еді.