Кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) Алматыда өткен бокс кешінде тарихи жеңіске жетті.
Мұздыманның үндістандық Мамта Сингх (7-2-1, 4 КО) қарсылас болды. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтті және он минутқа (әр раунд екі минуттан) жоспарланған. Бұл айқас титулдық мәртебеге ие еді. Рингке UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы тігілді.
Қазақстандық боксшы кездесудің бірінші, екінші және төртінші раундтарында қарсыласын нокдаунға жіберді. Соңында төреші Мамта Сингхті қорғап, жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде Мұздыман техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл Балауса Мұздыманның кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісі болды. Ол UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағын иеленді. Ал Мамта Сингх мансабындағы үшінші рет жеңіліс тапты.
Жекпе-жектің бейнежазбасын төменнен көруге болады.