Қиыннан қиыстырған жеңіс: Төрехан Сабырхан үшінші раундта қалай керемет камбэк жасады (ВИДЕО)
06.09.2025, 17:54
Қазақстандық бірегей боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Англия) World Boxing ұйымы ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.
фото ашық дереккөздерден алынды
Қиын басталған жекпе-жек
1/16 финалда 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сабырхан алжирлік Юсеф Ислам Яишпен қолғап түйістірді. Алғашқы екі раундта қазақстандық боксшы ұпай бойынша қарсыласына есе жіберген.
Алайда шешуші үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, сенімді түрде төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңге жол
Осылайша Төрехан Сабырхан турнирдің келесі сатысына шықты, ал алжирлік боксшы чемпионаттағы жолын аяқтады.
Айта кетсек, Сабырхан – тарихта тұңғыш рет жасөспірімдер мен жастар арасында төрт мәрте Азия чемпионы атанған қазақ боксшысы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама