Реклама
Реклама

Қазақстан бокстан әлем чемпионатында кезекті жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.09.2025, 23:56

Виктория Графеева Ливерпульде өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

offside.kz

Виктория Графеева 1/16 финалда жеңіске жетті

Графеева 60 келі салмақ дәрежесінде Косово елінің өкілі Доньета Садикуге қарсы шығып, қазылардың бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Бұл нәтижемен Графеева жарыстың 1/8 финалына жолдама алды, ал қарсыласы турнирді ерте аяқтады.

Қазақстан құрамасының басқа нәтижелері

Күндізгі сессияда 70 келіде сынға түскен Төрехан Сабырхан да қарсыласынан айласын асырды. Ол алжирлік Юсеф Ислам Яишпен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Ал кешкі сессияда рингке тағы екі қазақстандық шығады:

Бейбарыс Жексен (60 кг),

Надежда Рябец (75 кг).

Реклама
Реклама