ESPN таңдауы: Геннадий Головкин – XXI ғасырдың үздік 25 боксшы қатарында
Әлемге танымал ESPN спорт порталы (АҚШ) ХХІ ғасырдың ең мықты 25 боксшысының рейтингін жариялады. Қазақстан мақтанышы Геннадий «GGG» Головкин бұл тізімнен шет қалмай, 11-орынға тұрақтады. Тізімге 23 ер адам және небәрі екі әйел енді — ирландиялық Кэти Тейлор мен америкалық Кларесса Шилдс.
Флойд Мейвезер (28-0) рингтегі мінсіз техникасымен ХХІ ғасырдың басты символына айналды. Екінші орынға Мэнни Пакьяо (35-6-3) жайғасып, тарихтағы ең көп салмақ дәрежесінде чемпион болған жалғыз боксшы мәртебесін тағы бір дәлелдеді. Үштікті Бернард Хопкинс (19-6-1, 1 NC) түйіндеді. Төртінші орында украиналық Александр Усик (23-0), бесінші орында мексикалық супержұлдыз Сауль «Канело» Альварес (63-2-2).

Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты жаңалық – Геннадий Головкиннің ТОП-25-ке кіруі. GGG (42-2-1) бір кездері орта салмақтағы абсолютті гегемон болып, өзінің нокауттық күш-қуатымен әлемді дүр сілкіндірді. Оның басты қарсыласы Канело Альварес бұл тізімде 5-орынға орналасқан.
Толық тізім:
- Флойд Мейвезер (28-0)
- Мэнни Пакьяо (35-6-3)
- Бернард Хопкинс (19-6-1, 1 NC)
- Александр Усик (23-0)
- Сауль Альварес (63-2-2)
- Андре Уорд (32-0)
- Теренс Кроуфорд (41-0)
- Хуан Мануэль Маркес (26-5-1)
- Рой Джонс-младший (26-9)
- Наоя Иноуэ (30-0)
- Геннадий Головкин (42-2-1)
- Джо Кальзаге (19-0)
- Эрик Моралес (17-9)
- Василий Ломаченко (18-3)
- Оскар де ла Хойя (8-5)
- Роман Гонсалес (52-4)
- Тайсон Фьюри (34-2-1)
- Мигель Котто (41-6)
- Виталий Кличко (18-2)
- Марко Антонио Баррера (18-5)
- Кэти Тэйлор (25-1)
- Владимир Кличко (33-4)
- Кларесса Шилдс (17-0)
- Винки Райт (12-3-1)
- Тимоти Брэдли (33-2-1, 1 NC)