Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Наталья Богданова әлем чемпионын нокдаунға жіберді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.09.2025, 00:35

Қазақстандық боксшы қыз Наталья Богданова Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын дүр сілкіндірді

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Богданова Үндістан боксшысы Санамача Чану Тхокчомға қарсы шықты. Жекпе-жектің алғашқы раундында Наталья қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдықты өз қолына алды.

Кездесу соңында төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшының жеңісін тіркеді.

Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Осылайша Богданова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алып, медаль үшін күресін жалғастырады. Ал 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Санамача Тхокчом турнирден шығып қалды.

Айта кетейік, Наталья Богданова 2025 жылы өткен IBA әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Бұл оның әуесқой бокстағы ең ірі жетістігі саналады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары