Әлем чемпионы құлады — Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде сенсация жасады
Қазақстандық боксшы, 2019 жылғы әлем чемпионы әрі 2024 жылғы Азия чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульдегі әлем чемпионатында күтпеген жерден жарыстан шығып қалды.
Қазақстандық боксшы 1/8 финалда тоқтады
Нұрдәулетов 85 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалдық кездесуде Грузия өкілі Георгий Кушиташвилимен күш сынасты. Алғашқы раундта қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, төрешілерден 5:0 есебімен жеңіс ұпайын алды.
Алайда кейінгі раундтарда қарсылас мүлде басқаша жұдырықтасты. Нәтижесінде жекпе-жек бөлінген шешіммен Кушиташвилидің пайдасына шешілді.
Турнир тағдыры
Осылайша грузиялық боксшы ширек финалға өтіп, медаль үшін күресін жалғастырады. Ал Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.
Жарнама
Жарнама