Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бекзат Саттархановтың анасына пәтер кілті табысталды

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 11:02

Бұл жаңалық тек отбасы үшін ғана емес, күллі қазақ жанкүйерлері үшін рухани қуанышқа айналды.

Adyrna.kz
Реклама
Реклама

Қазақ боксының ұлы перзенті, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов жайлы жаңа кітаптың тұсаукесерінде батырдың анасына баспана кілті табыс етілді.

Кітап таныстырылымы

Бүгін қазақ спортының тарихында есімі мәңгілікке жазылған Бекзат Саттарханов туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында чемпионның анасына ерекше құрмет көрсетіліп, жаңа үйдің кілті табысталды.

Beles құрылыс компаниясының басшысы Махат Төреәлі игі ісін былай түсіндірді:

«Жылқышы жылқы бақса – жылқы, қой бақса – қой сыйлайды. Біз қазір үй салып жатырмыз. Сол себепті апама бір үй сыйлағым келіп тұр», – деді ол.

Бұл сөздер жиналған қауымның жүрегін елжіретіп, залды ұзақ қол шапалаққа бөледі.

Бекзат Саттарханов – қазақ боксының символы

Түркістан тумасы Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 57 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған боксшы ретінде тарихта қалды.

Өкінішке қарай, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Чемпиондық атаққа қол жеткізгеннен кейін небәрі үш ай өткенде Бекзат жол апатынан қаза тапты. Бірақ оның есімі ел жадында мәңгі сақталды.

Мәңгілік мұра

Жаңа кітап – Бекзаттың өмірі мен спорттық жолына арналған маңызды еңбек. Ол болашақ жас боксшыларға шабыт беріп, қазақ спортының қандай биікке көтеріле алатынын дәлелдейді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары