Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бір сәтте бәрі өзгерді: Санжар Тәшкенбайдың соққысы кубалықты есеңгіретті

Сарапшы, спорт журналисі
13.09.2025, 18:24

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Жарыс Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының аясында өтіп жатыр.

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Камбэк пен нокдаун

50 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Тәшкенбай кубалық Алехандро Кларо Фиске қарсы рингке шықты. Алғашқы раундта Санжар ұпай айырмасымен қарсыласынан қалып қойды. Дегенмен екінші раундта ол шабыттанып, күшті соққымен кубалықты нокдаунға жіберді. Бұл сәт жекпе-жектің бағытын толық өзгертті.

Нәтижесінде төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақстандыққа берілді.

Финалға жол

Осылайша Санжар Тәшкенбай финалға шығып, алтын жүлде үшін таласады. Ал оның қарсыласы Кларо Фис жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Тәшкенбай — 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы. Ал кубалық боксшы Фис былтырғы әлем чемпионатында қола медаль алған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары