Махмұд Сабырхан Қытай боксшысын ірі есеппен жеңді
13.09.2025, 18:57
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатының (World Boxing) жартылай финалында қарсыласын ойсырата жеңіп, финалға жолдама алды.
Instagram/@boxingkazakhstan
Жартылай финал: 5:0 есебімен таза жеңіс
55 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Сабырхан қытайлық Чуань Люға қарсы айқын басымдық танытты. Үш раунд қорытындысында төрешілер бірауыздан (5:0) қазақстандықтың жеңісін жариялады.
Осылайша Махмұд әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласатын болды.
Сабырханның жетістіктері
2023 жыл — IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы
2021 жыл — Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
2022 жыл — Азия чемпионатының күміс жүлдегері
2024 жыл — Азия чемпионатының алтын жүлдегері
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама