Реклама
Реклама

Қазақстан боксы тарихындағы рекорд: Сегіз боксшы әлем чемпионатының финалында

Сарапшы, спорт журналисі
14.09.2025, 01:17

World Boxing ұйымы өткізген 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасын бірден сегіз боксшы таныстырады.

Instagram/@boxingkazakhstan

Ерлер құрамасының финалистері

Финалға шыққан қазақстандықтар «алтын» үшін келесі салмақ дәрежелерінде күш сынасады:

  • Санжар Тәшкенбай (50 кг)
  • Махмұд Сабырхан (55 кг)
  • Төрехан Сабырхан (70 кг)
  • Айбек Оралбай (90+ кг)

Бұл жігіттер Ливерпуль төрінде ел намысын қорғап, жеңіс жолында барын салмақ.

Әйелдер құрамасының финалистері

Қазақстан әйелдер командасы да тарихи нәтиже көрсетті. Финалға өткендер:

  • Назым Қызайбай (48 кг)
  • Алуа Балқыбекова (51 кг)
  • Аида Әбікеева (65 кг)
  • Наталья Богданова (70 кг)

Осылайша әйелдер құрамасынан төрт боксшы бірден чемпиондық белдесу мүмкіндігін иеленді.

Тарихи дода

Айта кетейік, бастапқыда Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер командасынан әрқайсысы 10 боксшыдан әлем чемпионатына қатысуға өтініш берген болатын.

Ливерпульде өтіп жатқан бұл жарыс – World Boxing ұйымы аясында ұйымдастырылған тұңғыш ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстанның сегіз бірдей финалист шығару жетістігі – ел спорты тарихындағы айтулы оқиға.

Реклама
Реклама