Назым Қызайбайдың ӘЧ «алтыны» үшін айқасы сенсациямен аяқталды
14.09.2025, 16:27
Англияның Ливерпуль қаласында алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өткен 2025 жылғы әлем чемпионаты қазақстандық бокс үшін ерекше есте қалды. Бұл — кәсіби деңгейде ұйымдастырылған алғашқы «ересектер арасындағы» әлемдік біріншілік.
Instagram/@boxingkazakhstan
Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалында жұдырықтасты
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай финалда Үндістан спортшысы Минакшимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің бөлінген шешімі бойынша қазақстандық боксшы қарсыласына жол берді.
Жүлде мен жетістіктер
Осылайша Минакши әлем чемпионы атанса, Назым Қызайбай күміс медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже оған жаңа мәртебе әкелгенімен спортшының бұған дейінгі жетістіктерін ұмыттыруы мүмкін емес:
- IBA нұсқасы бойынша үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025),
- Париж Олимпиадасының (2024) қола жүлдегері.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама