Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Санжар Тәшкенбай — екі дүркін әлем чемпионы!

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:46

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бүгін финалдық жекпе-жектер өтіп, қазақстандық жас боксшы Санжар Тәшкенбай елге зор қуаныш сыйлады.

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Тарихи чемпионаттағы финал

50 келіге дейінгі салмақта финалда Санжар Тәшкенбай мен моңғолиялық Алдархишиг Баттулга кездесіп, аса тартысты айқас көрсетті.

Бірінші раундта Санжар сенімді өнер көрсетіп, дәл соққыларымен қарсыласын қыспаққа алып, төрешілердің барлығы оған 10-9 есебін берді.

Екінші раундта қазақстандық былғары қолғап шебері айқын басымдық танытып, Баттулганы бірнеше рет дәл соққыларымен тұқыртып, рингте толық үстемдікке шықты.

Үшінші раундта да Тәшкенбай қарқынын бәсеңдетпей, шешуші сәтті өз пайдасына жаратты.

Бір ауыздан берілген жеңіс

Барлық раунд қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңісті бірауыздан Санжар Тәшкенбайға тапсырды. Осылайша ол Ливерпульдегі чемпионатта алтын медальді қанжығасына байлап, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Жаңа тарих — жаңа биік

Айта кетсек, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы да әлем чемпионатын жеңіп, 48 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді. Енді ол 50 келіде де алтыннан алқа тағып, қазақстандық бокстың жаңа тарихын жазды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары