Ливерпульде тұңғыш рет World Boxing федерациясы ұйымдастырған әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бүгін финалдық айқастар өтті.
Бұл салмақта алтын жүлдені Қазақстан боксшысы Махмұд Сабырхан мен Испаниядан шыққан 20 жастағы сенсация Лозано Серрано сарапқа салды.
Жекпе-жек басында испаниялық қарқынды қимылдап, бірнеше дәл соққы жасады. Дегенмен Сабырхан қарсыласын тез аңғарып, өз тактикасын жүзеге асыра бастады. Бірінші раундтың соңына қарай қазақстандық жиі әрі нақты соққыларын дарытып, басымдықты толығымен өз қолына алды.
Екінші раундта Лозано Серрано бар күшін салғанымен Махмұдтың ақылды әрі шебер боксына қарсы тұра алмады. Қазақстандықтың жылдамдығы мен қатаң стилі қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабырханға берді. Осылайша, «қазақтың Ломаченкосы» екінші мәрте әлем чемпионы атанды.
Бұл финал Махмұд Сабырхан үшін мансабындағы үшінші шешуші айқас болды:
Махмұд Сабырханның табысы — қазақстандық бокстың әлемдік деңгейдегі абыройын арттыра түскен үлкен жеңіс. Оның техникасы мен стилі атақты Ломаченкоға теңеліп, жанкүйерлер арасында жаңа толқын қалыптастыруда.