Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионатының қола жүлдегері

Сарапшы, спорт журналисі
14.09.2025, 22:00

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Загребте өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. 

Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Үшінші орын үшін шешуші белдесу

70 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан Қайпанов қола жүлде үшін Молдова елінің өкілі Василий Дьяконмен кездесті.

Белдесу басынан бастап қазақстандық спортшы шабуылға шығып, алғашқы кезеңді 3:0 есебімен аяқтады. Екінші бөлікте Қайпанов қарқынын үдетті. Төрт ұпай жинады да, есепті 7:0-ге жеткізді. Бұдан кейін қарсыласын толық қыспаққа алып, айқын басымдықпен – 13:2 есебімен жеңісті қоржынға салды.

Жартылай финалдағы тоқтау

Бұған дейін жартылай финалда Қайпанов мықты қарсылас – Моңғолия балуаны Тумур-Очирын Тулгеге 2:5 есебімен жол берген еді. Осылайша финалға шығу мүмкіндігін жоғалтқанымен қола медаль үшін күресте өз шеберлігін тағы бір дәлелдеді.

Екі жыл қатарынан жүлде алды

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2024 жылғы әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан. Ал биылғы қола медаль оның әлемдік додалардағы қатарынан екінші алған жүлдесі. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары