Президент Тоқаев: «Қазақ боксшыларының жеңісі – еліміздің үлкен жетістігі»
Жарнама
Жарнама
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпульде (Англия) өткен 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшыларының тарихи табысына қатысты пікір білдірді.
Президенттің құттықтауы
Мемлекет басшысы өзінің Instagram парақшасында былай деп жазды:
«Ливерпульдегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеңісті жолын тамаша спортшыларымыз – Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Бұл додадағы қазақстандық боксшылардың нәтижесін жалпы табысты деп бағалауға болады. Алайда алда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындық қажет. Спортшыларымызға жаңа жеңістер тілеймін!»
Қазақстан құрамасының жетістігі
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан:
7 алтын,
1 күміс,
2 қола медаль жеңіп алды.
Әлем чемпиондары:
- Санжар Тәшкенбай – 50 кг
- Махмұд Сабырхан – 55 кг
- Төрехан Сабырхан – 70 кг
- Айбек Оралбай – 90+ кг
- Алуа Балқыбекова – 51 кг
- Аида Әбікеева – 65 кг
- Наталья Богданова – 70 кг
Күміс жүлде иегері:
- Назым Қызайбай – 48 кг
Қола жүлдегерлер:
- Виктория Графеева – 60 кг
- Елдана Тәліпова – 80+ кг
Жарнама
Жарнама