Ливерпульде өткен 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing чемпионатында қазақ боксшылары 10 медаль жеңіп алды. Оның жетеуі – алтын, біреуі – күміс, екеуі – қола.
Алтын медаль иегерлері:
Күміс жүлдені Назым Қызайбай (48 кг), ал қола медальды Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) иеленді.
Әлем чемпионатының ресми жүлде қоры жарияланбағанымен, Қазақстан спортшыларына мемлекет тарапынан бекітілген сыйақы төленеді. Ұлттық деңгейде белгіленген марапаттар:
Осылайша, Ливерпульде топ жарған қазақстандық боксшылар тек медальмен ғана емес, миллиондаған теңгемен елге оралады.
Әсіресе, қыздар құрамасы соңғы бір жылда екі бірдей әлем чемпионатында көзге түсті. Сербияда өткен IBA әлем чемпионатында олар 465 мың долларлық табыс әкелген еді. Енді Ливерпульдегі жетістіктерімен бұл табысты еселей түсті.
Мысалы, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева бір маусымда екі алтыннан жинап, әрқайсысы 130 мың доллардан астам табыс тапты. Назым Қызайбай «алтын» мен «күмістің» арқасында 122 мың доллар иеленсе, Виктория Графеева «күміс» пен «қоладан» кейін 72 мың долларлық табысқа қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы Ливерпульде бірінші орынды иеленіп, Өзбекстанды (6-2-3) артта қалдырды. Үштікті Үндістан (2-1-1) түйіндеді.