Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Назым Қызайбай: «Әлем чемпионатындағы нәтиже – менің ерекше жолым»

Сарапшы, спорт журналисі
15.09.2025, 18:34

Назым Қызайбай Ливерпульдегі ӘЧ-да күміс жүлдені қанағат тұтса да, өзінің спорттық жолына жаңа көзқарас білдірді.

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Реклама
Реклама

Қызайбайдың мәлімдемесі

Назым Қызайбай Instagram парақшасында былай деп жазды:

«Әлем чемпионаты аяқталды! Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды — бұл ғажап жетістік.

Мен үшін бұл жолдың орны бөлек. Қазақстан тарихында алғаш алтын алып, жол аштым. Кейін екі, үш дүркін әлем чемпионы атандым. Биыл екінші орынға тоқтадым, бірақ мұның бәрі біздің үлкен спорттық тарихымыздың жалғасы деп білемін. Ең қуаныштысы — біздің қыздарымыз да екі дүркін чемпион атанды.

Алдымызда көп еңбек күтіп тұр. Біз Азия ойындарында да, Олимпиадада да осындай жетістіктерді қайталайтынымызға сенемін».

Финалдағы сенсация

48 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Қызайбай үндістандық Минакшимен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен сенсациялық түрде жеңіліс тапты.

Бұл нәтиже жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырғанымен Назым Қызайбай оны өз мансабының жаңа белесі ретінде қабылдап отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары