Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 10 медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Ал Өзбекстан боксшылары 2-орынға жайғасты.
Ливерпульде өткен 2025 жылғы бокстан әлем чемпионаты қазақ боксшылары үшін нағыз триумф болды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, бірінші орынға тұрақтады.
Чемпион атанғандар:
Бұл нәтиже Қазақстанды әлемдік бокс картасында тағы бір мәрте жоғары деңгейге көтерді.
Екінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды. Өзбек боксшылары 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иеленді. Ерекше айта кетерлігі, барлық алтын жүлделерді ерлер командасы жеңіп алды.
Үшінші орынды Үндістан құрамасы еншілеп, 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жарысты қорытындылады.
Чемпионат аяқталған соң қазақ және өзбек боксшылары, жаттықтырушыларымен бірге естелікке суретке түсті. Бұл сәтті Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев әлеуметтік желіде:
«Ливерпульдегі Әлем чемпионатын шулатқан қазақ пен өзбек боксшылары! Рингте - қарсылас, рингтен тыс - бауыр!!» – деп сипаттады.