Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Алтын арман болды: Қазақ балуандары әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:38

Загребтегі күрес әлемінің басты додасында қазақ еркін күрес шеберлері алтынға қол жеткізе алмай, бар болғаны екі қола жүлдемен шектелді.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Хорватия астанасында өткен 2025 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Үміт артқан еркін күрес балуандары жарқын нәтиже көрсете алмады.

Құрама қоржынында 2 медаль бар. Екеуі де қола. Соның бірін 61 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Асылжан Есенгелді иеленсе, тағы біреуін 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов алды. 

Қалған нәтижелер тізімі:

  • 57 кг – Әділет Әлмұхамедов – бірінші белдесуде жеңілді.
  • 65 кг – Начын Куулар – 1/8 финалда тоқтады.
  • 74 кг – Әлібек Әбдіқасымов – алғашқы белдесуде ұтылды.
  • 79 кг – Болат Сақаев – бірінші кезеңнен ары аса алмады.
  • 86 кг – Азамат Дәулетбеков – ширек финалда сүрінді.
  • 92 кг – Камиль Куруглиев – қола медаль үшін күресте жеңілді.
  • 97 кг – Ризабек Айтмұхан – алғашқы белдесуде жолдан шықты.
  • 125 кг – Әлішер Ерғали – бірінші айналымда жеңілді.

Осылайша, он салмақ бойынша сынға түскен спортшыларымыздың тек екеуі ғана жүлде тұғырынан көрінді.

Айта кетейік

Бұл көрсеткіш – соңғы жылдардағы ең әлсіз нәтижелердің бірі. Ризабек Айтмұқанның өзі алғашқы белдесуінде-ақ жарыс жолынан шығып қалған еді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары