Грек-рим күресінен Қазақстанның үздігі Демеу Жадыраев Загребтегі әлем чемпионатында алғашқы қарсыласымен кездеседі.
18 қыркүйекте Хорватия астанасында грек-рим күресінен бәсекелер басталады. Қазақстан жанкүйерлері үшін басты назар 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Демеу Жадыраевқа ауады.
Париж Олимпиадасының жүлдегері 1/16 финалда 23 жастағы фин балуаны Джонни Куннари Саркиненге қарсы шығады. Саркинен – 2025 жылғы 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.
Қазақстандық бозкілем шебері әлем чемпионатына дейін Германиядағы «Гран-при» турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл оның бабында екенін көрсетіп отыр.
Жетістіктері: