Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионаты қазақстандық жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. 22 жастағы Мерей Мәулетқанов 1/4 финалда екі дүркін Олимпиада финалисін (Токио-2021, Париж-2024) тізе бүктірді.
72 келі салмақтағы тартысты кездесуде Мәулетқанов украиналық мықты Парвиз Насибовты 4:3 есебімен ұтты.
27 жастағы Парвиз Насибов Загребке басты фавориттердің бірі ретінде келген еді. Себебі ол соңғы екі Олимпиада ойындарында финалға шығып, әлемдік аренада өзін дәлелдеген балуан. Дегенмен әдетте 67 келіде белдесетін, ал бұл жолы 72 келіде өнер көрсетті.
Қазақстандық жас спортшы бұған дейін де сенсация жасаған. Ол әйгілі Әли Фейзоллу Арсаланды жеңіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударды. Енді Мерей алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында финалға шығу мүмкіндігі үшін күреседі.
Жасы: 22
Өңірі: Астана
Жетістіктері:
Мәртебесі: Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Әлемдік рейтинг: 30-орын (8 520 ұпай)