Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев (-77 кг) жұбаныш белдесуінде украиналық Игорь Бычковты ұтты. Енді Жадыраев түнде қола медаль үшін күреседі.
Ал Мерей Мәулетқанов екінші белдесуінде кішігірім сенсация жасады. Отандасымыз (-72 кг) 2022 жылғы әлем чемпионы Әли Арсаланның (Сербия) осал тұсын тапты. Есеп: 5-3.
Екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали (-60 кг) іріктеуде Максвелл Хоппер Блэктен (АҚШ) басым түсті.
Айдос Сұлтанғали Израиль өкілін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Өкінішке қарай 97 кг дейінгі салмақтағы балуанымыз Рахат Бержанов Георгий Мелиядан (Грузия) ұтылып қалды.