Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бокстан ерлер құрамасы Олимпиадаға дайын екені айтылды

Сарапшы, спорт журналисі
19.09.2025, 11:47

Ливерпульде өткен әлем чемпионатында қазақ боксшылары төрт алтын алды. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңістер Қазақстан ерлер құрамасының алдағы Олимпиадаға қаншалықты дайын екенін көрсетті.

Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, ҚР бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов ерлер құрамасының нәтижесіне былай дейді:

«Жас жігіттеріміздің чемпион атануы ерекше қуантады. Өйткені олардың әлі де үлкен жолы алда. Қазірдің өзінде Олимпиадаға дайын негізгі сүйек қаланды. Осы құрамға сенім артып, жоспарды соған қарай құруға болады. Төрт “алтын” – керемет жетістік. Әсіресе аса ауыр салмақтағы чемпиондық барлығын толықтыра түсті», – деді ол Sports.kz-ке берген сұхбатында.

Бұл сөздер қазақ боксының жаңа толқынына үлкен сенім жүктеп отыр. Жастардың қарқыны мен табандылығы Олимпиада алдындағы дайындыққа ерекше серпін берді.

Ливерпульдегі нәтижелер

2025 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Жалпыкомандалық есепте біздің құрама 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп, әлемдік рейтингтің көшін бастады.

Ерлер арасындағы нәтиже:

  • Санжар Тәшкенбай (50 кг) – алтын;
  • Махмұд Сабырхан (55 кг) – алтын;
  • Төрехан Сабырхан (70 кг) – алтын;
  • Айбек Оралбай (90+ кг) – алтын.

Бәсекелестер арасынан тек Өзбекстан құрамасы ғана басты қарсылас екенін дәлелдеді. Олар 6 алтын иеленіп, бірінші орынға шықты. Чемпиондық атақты Абдумалик Халоков (60 кг), Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг), Фазлиддин Эркинбоев (75 кг), Джавохир Умматалиев (80 кг), Акмалжон Исроилов (85 кг) және Турабек Хабибуллаев (90 кг) жеңіп алды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары