Загребте өтіп жатқан күрес бойынша әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Сұлтанғали жартылай финалда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, грузин балуаны Амиран Шавадзеге қарсы белдесті.
Қазақстандық спортшы қарсыласын 10:2 есебімен айқын басымдықпен ұтып, шешуші белдесуге шықты.
Айдос Сұлтанғали финалда Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевпен күш сынасады. Ганиев өз кезегінде екінші жартылай финалда сербиялық Георгий Тибиловты жеңіп шыққан болатын.
Туған жылы, жері: 1996 жылдың 7 ақпаны, Қызылорда қаласы.
Негізгі жетістіктері:
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының спорт шебері әрі халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2023 жылғы Азия ойындарында 5-орын иеленсе, 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 14-орынға тұрақтады.
Қазір Айдос Сұлтанғали әлемдік рейтингте 43-орында (6600 ұпай) тұр.