Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жегін Бішкекте өткізеді.
Бұл кездесудің қарсыласы әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен жекпе-жектің ресми түрде өтетіні Saikou Lush Boxing Promotions компаниясының Instagram парақшасында расталды.
«Сәкен Бибосынов қайтадан рингте!
Алғашқы кәсіби жекпе-жегінде ол жанкүйерлерге әсерлі бокс сыйлады. Енді оның шынайы әлеуетін көруге мүмкіндік туып отыр. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс, 2021 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері – оның жетістіктері өз атынан хабар береді.
25–26 қазан, Bishkek Arena».
Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін 20 шілдеде Бішкекте өткізген еді. Ол филиппиндік Кристиан Леганені (6-1-3, 4 КО) бірінші раундта ауыр нокаутқа жіберіп, сенімді жеңіске жеткен болатын.
Аталған бокс кешінде Бибосыновпен бірге өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов та өнер көрсетеді.