Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының бас бапкері Олимпиада жүлдегерінің сәтсіздігін түсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі
20.09.2025, 21:10

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатындағы спортшылардың өнеріне баға беріп, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың неге жеңіліс тапқанын түсіндірді.

instagram.com/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Бапкердің пікірі

“Нұрбекті біз жасөспірім кезінен білеміз. Кейін жастар мен ересектер құрамасында да бірге жұмыс істедік. Әлем чемпионатында жеңілген жігіттердің ешқайсына өкпе жоқ. Олар қолдан келгенін жасады, өз мүмкіндігін көрсетті. Біз әрқашан бір нәрсені айтамыз: «Рингке шыққанда күшті, энергияны, тактиканы дұрыс пайдалану керек. Ең бастысы – қорықпау, жасқанбау, өзіңе сену». Егер сол сәтте қарсылас мықты болып шықса, бұл – тәжірибе. Қателіктерді түзетіп, келесі жолы жеңіске жету керек. Сондықтан ешкімді жай ғана «ұтылды» деп санамаймын”, — деді Сәтжанов.

Қателіктер мен қазіргі бокс деңгейі

Маманның айтуынша, әлемдік бокс қарқынды дамып келеді:

“Әрине, кей тұстарда қателіктер болды. Біз бәрін жазып алдық, енді соларды түзетуіміз қажет. Бүгінде бокс мүлде басқа деңгейде. Бұрынғыдай жеңілдірек қарсыластар жоқтың қасы. Қай елдің спортшысы болса да, бәрі мықты дайындықпен келеді”, — деді бас бапкер.

Айта кетейік, 80 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама үшін болған жекпе-жекте Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жавохир Умматалиевке төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары