Отандасымыз ақтық сында өзбекстандық Алишер Ганиевті 9:0 есебімен жеңді.
Загребте 29 жастағы қазақстандық балуан 60 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Алишер Ганиевті 9:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл Қазақстан үшін грек-рим күресінен әлем чемпионатындағы соңғы 26 жылдағы алғашқы «алтын» болды — алдыңғы жеңіс 1999 жылға тиесілі, ол кезде Мұхтар Манукян топ жарған еді.
Бұған дейін Сұлтанғали екі рет әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанған (2018, 2022), ал биылғы табысы оның карьерасындағы ең басты жетістікке айналды. Спортшының өзі де тарихты жаңартып, елге көптен күткен алтынды сыйлау арманым еді деп мойындады.
Бұл медаль 2025 жылғы турнирде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының еншісіндегі жалғыз жүлде болды. Ал еркін күрестен Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов қола медаль иеленді.
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас демеушісі – елдегі спорт индустриясының №1 инвесторы Olimpbet компаниясы.