Жәнібек Әлімханұлы көптен күткен жаңалығын жеткізді
24.09.2025, 19:25
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді.
vesti.kz
Чемпион жаңа жекпе-жекке дайындықты бастады
Қазақ боксшысы әлеуметтік желідегі X парақшасында оқу-жаттығу жиынынан бейнежазба жариялап:
«Біз дайындықты бастадық, жаттығамыз, дайындаламыз», – деп жазды.
Әлімханұлы бұған дейін дивизиондағы өзге чемпиондарға үн қатып, біріктіруші жекпе-жектерден қашатынын сынға алған болатын.
- Карлос Адамеспен (WBC) айқас өткізу ықтималдығы айтылғанымен, келіссөздер оңай болмай тұр.
- Дивизиондағы тағы бір белді чемпион – Эрисланди Лара (WBA).
We started our camp, training, getting ready. pic.twitter.com/vlvXMA3jBm
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) September 24, 2025
Жанкүйерлер Әлімханұлының алдағы қарсыласы осы екі мықтының бірі болуы мүмкін деп үміттенуде.
Соңғы жекпе-жегі
Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы 5 сәуір күні Астанада өтті. Онда ол француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық атақтарын қорғаған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама