Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Кличко Головкинге қарсылас атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:36

Бұрынғы суперауыр салмақ чемпионы, украиналық Владимир Кличко World Boxing президенттігіне сайлауға қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.

коллаж penalty.kz
Реклама
Реклама

Украиналық аңыз да үміткер атанды

Қазіргі басшы Борис ван дер Ворст екінші мерзімге қайта түспейтінін жариялаған.

World Boxing президенттігіне үш үміткер ұсынылды:

  • Владимир Кличко – суперауыр салмақтағы экс-чемпион (Украина);
  • Геннадий Головкин – орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазіргі ҚР ҰОК президенті;
  • Харис Мариолис – Грекия бокс федерациясының президенті.

Президентті сайлау 2025 жылдың қарашасында өтеді. Дауыс беруге кем дегенде 30 күн қалғанда кандидаттардың түпкілікті тізімі жарияланбақ.

World Boxing ұйымының рөлі

2025 жылдың көктемінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) боксты 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізуді бір ауыздан қолдады.

Ал ақпанда ХОК World Boxing-ті уақытша халықаралық басқарушы ұйым ретінде мойындаған болатын. Бұл ұйым 2023 жылы олимпиадалық қозғалыстан шеттетілген IBA-ның орнына келді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары