Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан тағы да Өзбекстан боксшыларына есе жіберді

Сарапшы, спорт журналисі
04.10.2025, 20:53

Бұрымды боксшыларымыз Қазақстан қоржынына 7 медаль салған еді. 

kazsports.kz
Реклама
Реклама

Әзербайжанда өткен ТМД ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы жеті медаль жеңіп алды. Соған қарамастан, басты бәсекелес Өзбекстан алтын санымен алға шығып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Аталған жарыста қазақстандық арулар бокстан екі алтын және бес қола медаль иеленді.

  • Жасмин Абрамян (60 кг)
  • Диляра Тұрсынбек (66 кг)
  • Асылай Мұрат (48 кг)
  • Аружан Тілеубай (52 кг)
  • Аделаида Сәдуақасова (54 кг)
  • Балым Ғабитқызы (57 кг)
  • Мәдина Нұрманова (63 кг)

Бұл нәтиже Қазақстанға командалық есепте екінші орынды ғана қамтамасыз етті.

Өзбекстанның үстемдігі

Турнирдің басты фавориті саналатын Өзбекстан құрамасы өз мықтылығын тағы да дәлелдеді:

  • 5 алтын
  • 4 қола

Барлығы 9 жүлде, соның арқасында өзбек қыздары сенімді түрде бірінші орынды иеленді.

Жалпы медаль кестесі

  1. Өзбекстан – 5 алтын, 0 күміс, 4 қола
  2. Қазақстан – 2 алтын, 0 күміс, 5 қола
  3. Әзербайжан – 1 алтын, 5 күміс, 4 қола
  4. Ресей – 1 алтын, 4 күміс, 3 қола
  5. Беларусь – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
  6. Тәжікстан – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары