Өзбекстандық бокс аңызы Ресейде өткен жекпе-жекте тосын нәтиже көрсетті
07.10.2025, 09:10
Ол ресей боксшысы Виталий Кудуховпен кездескен болатын.
Баходир Жалолов
6 қазан, дүйсенбі күні Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен IBA.PRO 10 турнирінде жұдырықтасып, күтпеген нәтижемен жекпе-жекті аяқтады.
Жалолов ресейлік Виталий Кудуховпен (7-3, 3 КО) ауыр салмақта сегіз раундтық кездесуде қолғап түйістірді.
Көпшіліктің күтпегеніндей, айқас толық сегіз раундқа созылды. Нәтижесінде, Баходир Жалолов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ауыр жеңіске жетті.
Осылайша, өзбек боксшысы кәсіби мансабындағы 16-шы жеңісін тіркеді.
Жалолов жайлы

Баходир Жалолов — Өзбекстанның әйгілі боксшысы, суперауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
- Екі дүркін Олимпиада чемпионы (2020, 2024)
- Әлем чемпионы (2019, 2023)
- Азия ойындарының жеңімпазы
- Кәсіпқой бокста: 16 жеңіс (көпшілігі нокаутпен), жеңіліссіз.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама