Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бокс аңызы рингке қашан оралатынын жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
08.10.2025, 15:37

Мэнни Пакьяо 47 жасында қайта жұдырықтасады.

sportrbc.ru
Реклама
Реклама

Кездесудің күні мен орны

Бокстың тірі аңызы, филиппиндік чемпион Мэнни Пакьяо (62 жеңіс, 8 жеңіліс, 3 тең, 39 нокаут) өз мансабын жалғастырып, келесі жекпе-жегінің нақты күнін жариялады.

«Мен үлкен қуанышпен мәлімдеймін: 2026 жылдың 24 қаңтарында Лас-Вегаста қайтадан рингке шығамын. Бұл ерекше әрі әсерлі кеш болмақ. Жақын күндері қарсыласымның есімі де жарияланады», – деп мәлімдеді Пакьяо The Ring журналына берген сұхбатында.

Пакьяоның кезекті жекпе-жегі Лас-Вегаста, бокстың әлемдік орталығында өтеді. 47 жастағы спортшының бұл айқасы үлкен қызығушылық туғызып отыр.

Қазір оның қарсыласы ретінде WBA чемпионы Роландо Ромероның есімі жиі аталып жүр. Ромеро биыл мамыр айында америкалық жұлдыз Райан Гарсияны сенсациялық түрде жеңген.

Соңғы айқас және мансабындағы жетістіктері

Мэнни Пакьяо соңғы рет 2025 жылдың 19 шілдесінде америкалық Марио Барриоспен (WBC чемпионы, жартылай орта салмақ) жұдырықтасып, кездесу тең нәтижемен аяқталған.

Пакьяо – әлем тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі. Ол алты салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған санаулы спортшылардың бірі (тағы бірі – Оскар Де Ла Хойя). Сондай-ақ, The Ring нұсқасы бойынша екі түрлі категорияда чемпион болып, бес түрлі салмақта сызықтық чемпион атағын иеленген алғашқы боксшы.

ФОТО: sportbox.ru

Айта кетерлігі, Пакьяо төрт онжылдық бойы (1990, 2000, 2010 және 2020 жылдары) чемпиондық белбеу иеленген әлемдегі тұңғыш боксшы мәртебесіне ие.

Марапаттар мен атақтар

  • The Ring нұсқасы бойынша “Жыл боксшысы” – 2006, 2008 және 2009 жылдары
  • “Онжылдықтың боксшысы” атағының иегері
  • 2009 жылы Америка спорт академиясы ұсынған “Жыл спортшысы” жүлдесін алған
  • Әлемге әйгілі лақап аты – Pac-Man
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары