Артур Бетербиевтің Сауд Арабиясындағы жекпе-жегі ресми түрде тоқтатылды.
Жартылай ауыр салмақтағы америкалық боксшы Деон Николсон (22-1, 18 КО) өз Instagram парақшасында Артур Бетербиевпен (21-1, 20 КО) өтеді деп жоспарланған жекпе-жектің бұзылғанын хабарлады.
«Құдайдың жазуымен, менің Бетербиевпен болатын жекпе-жегім ресми түрде тоқтатылды. Жақында жаңа қарсылас туралы ақпарат аламын. Қарсылас кім болса да, дайындықты тоқтатпаймын. Артур, мүмкін басқа уақытта кездесерміз?», – деп жазды Николсон.
Бұл жекпе-жек 22 қараша күні Сауд Арабиясында, Давид Бенавидес – Энтони Ярд ивентінің аясында өтуі тиіс болатын. Алайда ұйымдастырушылар тарапынан себептер нақтыланбады.
Деон Николсон 2016 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетіп келеді. 23 жекпе-жегінің 22-сінде жеңіске жетіп, 18-ін нокаутпен аяқтаған.
Бетербиев те өз мансабында 21 рет жеңіске жетіп, тек бір мәрте жеңілген.
Еске сала кетсек, биыл ақпан айында Артур Бетербиев Дмитрий Биволға қарсы реваншта жеңіліп, абсолютті чемпиондық атағынан айырылған еді.
Содан кейін қос боксшы арасындағы үшінші кездесу (трилогия) туралы келіссөздер жүрді. Бірақ Биволдың операциясына байланысты жоба тоқтап қалды. Ол қайта оралған соң аралық жекпе-жек өткізуді қалайды.