Шавкат Рахмонов UFC P4P рейтингінен шығып қалды.
UFC жаңартылған pound-for-pound (P4P) рейтингін жариялады. Алайда бұл жолы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың есімі үздіктер тізімінен алынып тасталды.
Еске салсақ, Рахмонов алғаш рет 19 тамызда UFC-дің ең үздік 15 файтері қатарына енген еді. Сол кезде ол бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны рейтингтен ығыстырған болатын. Бірақ жаңа жаңартылған тізімде Оливейра қайта оралып, Шавкатты ығыстырды.
Қазіргі таңда «Номад» жарақатынан сауығып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, ол 2026 жылдың басында октагонға оралуы мүмкін. Келесі жекпе-жек Рахмонов үшін шешуші сынақ болмақ — жеңіс оған P4P рейтингіндегі орнын қайта қайтаруға мүмкіндік береді.
Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың кәсіби рекорды - 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.