Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлем чемпионы қарсыласын толық басымдықпен жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
15.10.2025, 16:23

Семейдегі Қазақстан чемпионатында атақты боксшы Теміртас Жүсіпов рингке көтерілді. Акмола облысының намысын қорғаған әлем чемпионы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Сенімді бастама

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан 37 жастағы Теміртас Жүсіпов бірінші айналымда шымкенттік Біржан Нұрымбетовпен кездесті. Кездесу толығымен тәжірибелі спортшының бақылауында өтті. Қазылар алқасы бірауыздан шешім шығарып, жеңісті 5:0 есебімен Жүсіповке берді.

Чемпионның жетістіктері

Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионы және екі мәрте Азия чемпионатының жеңімпазы. Ол 2024 жылы 48 келі салмақта ел біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алған.

Айта кетсек, 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ дәрежелері бойынша өтуде.
Бұл – ұлттық бокс жүйесіне халықаралық форматты енгізудің маңызды қадамы болып саналады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары