Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Головкин Кроуфордқа лайықты қарсылас бола алады - Джордж Гроувс

Сарапшы, спорт журналисі
17.10.2025, 07:00

Британдық бұрынғы әлем чемпионы, WBA тұжырымы бойынша суперорта салмақ иегері Джордж Гроувс қазақстандық Геннадий Головкиннің америкалық Теренс Кроуфордқа лайықты қарсылық көрсете алатынын айтты. Бұл туралы MMAnews порталы жазды.

Коллаж
Реклама
Реклама

Гроувстың пікірінше, Головкиннің рингке қайта оралуы бокстың басты оқиғасына айналуы мүмкін. Ол Кроуфордтың қазіргі әлемдік деңгейдегі абсолютті чемпион мәртебесіне қарамастан салмақ категориясын ауыстыру кезінде қиындықтарға тап болуы ықтимал екенін атап өтті.

«Мен Кроуфордқа үлкен құрметпен қараймын, бірақ оның мені жеңе алатынына сенбеймін. Ол суперорта салмақтағы ірі әрі күшті қарсыластармен күресуде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Егер ол енді рингке шықпайтын болса — өкінішті. Бірақ егер төменгі салмақтарға қайта түсуге мүмкіндігі болмаса, дәл осы жағдайда Головкин оған лайықты қарсылас бола алады. Трипл Джи оған нағыз сынақ болар еді», — деді британдық боксшы.

Айта кетсек, Геннадий Головкин соңғы рет 2023 жылы жұдырықтасқан. Қазіргі уақытта ол «заманауи боксшылар» санатында Даңқ залына номинант атанған. Boxing Scene басылымына берген соңғы сұхбатында Головкин рингке оралу мүмкіндігін жоққа шығармағанын айтып, бұл мәселедегі «құпиясын әзірге ашпайтынын» әзілмен жеткізген.

Мамандардың айтуынша, Головкин мен Кроуфорд арасындағы ықтимал жекпе-жек жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр және ол қазіргі бокс әлеміндегі ең басты оқиғалардың біріне айналуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары